Accessibility links

БҰҰ сарапшылары: Өзбекстанда азаптау "қалыпты жағдай" ретінде қалып отыр


Көрнекі сурет.

Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы Өзбекстанды БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті ұсынған кеңестерін орындауға шақырды. Желтоқсан айының басында БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Өзбекстанда "азаптаудың кеңінен таралған, қалыпты жағдай" ретінде қалып отырғанын айтып, Ташкентті "азаптау мен қатыгездікті жоюға" үндеген.

10 желтоқсанда тараған мәлімдемеде HRW Өзбекстанның халықаралық әріптестерін өзбек үкіметінің алдында комитет айтқан мәселені қозғауға және осы мәселелердің шешілуіне қарай Өзбекстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырған.

"Өзбекстан бұл сұмдық тәжірибені түпкілікті жою үшін жылдам шара қолдануы тиіс" деді Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша директоры Хью Уильямсон.

БҰҰ комитеті жақында жариялаған Өзбекстанның Азаптауға қарсы конвенция шарттарын орындауы жайлы шолуында "2017-2018 жылдар аралығында прокуратураға азаптау бойынша келіп түскен арыз-шағымдар он есе көбейген" деп жазылған. Комитет өкілдері бірақ соған қарамастан "азаптауға байланысты айыпталған лауазымды тұлғалар саны сол күйінше қалғанына" алаңдаған. Ұйым шолуда ол жайлы нақты мәлімет келтірмеген. БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті сонымен бірге түрмеде азаптауға ұшырап, көз жұмған сотталушылар жайлы мәліметтерге де алаңдап отырғанын жеткізген.

Мамыр айында Human Rights Watch ұйымы "Біраз жетістігіне қарамастан Өзбекстан авторитарлық елдер қатарынан шықпады. Қауіпсіздік қызметінің өкілеті әлі де күшті. Адамдарды заңсыз ұстау, қинау, қамауда отырғандарды азаптау туралы хабарлар әлі де түсіп жатыр" деп мәлімдеген еді.

Өзбекстанды 27 жыл басқарған Ислам Каримов 2016 жылы қыркүйекте 78 жасында қайтыс болған. Кейін елде өткен сайлауда жеңіске жеткен Мирзияев 14 желтоқсанда президент қызметіне кірісті. HRW былтыр Мирзияев көршілес елдермен ынтымақтастықты күшейтіп, елдегі адам құқықтарының ахуалын жақсартуда үлкен қадам жасағанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00
XS
SM
MD
LG