Accessibility links

Өзбекстандағы парламент сайлауы: Мирзияев партиясы жеңді


Парламент сайлауы.

Парламенттің төменгі палатасы – Олий Мажлистегі орындардың басым бөлігіне Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы ие болды. Жексенбі, 22 желтоқсанда өткен парламент сайлауының алдын ала қорытындысы осындай. Бұл ақпаратты Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

23 желтоқсанда Ташкентте өткен брифинг кезінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улукбек Абдусаломов сайлауға қатысқан бес партия мәжілістегі орындарды төмендегідей тәртіпте иеленетінін айтты:

  • Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы (президент Шавкат Мирзияев осы партияның мүшесі) - 43
  • "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру") демократиялық партиясы - 35
  • "Адолат" социал-демократиялық партиясы - 21
  • Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы - 18
  • "Өзбекстан экология қозғалысы" - 11

ОСК мәліметі бойынша, дауыс беруге тізімге алынған сайлаушылардың 70 пайызы - 18 797 810 адам қатысқан. Өзбекстан заңына сәйкес, тізімдегі сайлаушылардың 33 пайыздан астамы дауыс берген жағдайда "сайлаудың заңды күші бар" деп саналады.

150 сайлау округінің 22-інде бірде-бір кандидат қажетті дауыс алмағандықтан мұнда сайлау қайта өтеді.

Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшылар парламент сайлауына түскен бес партияның барлығы да президент Мирзияевтің саясатын қолдайтындықтан сайлаушыларға өзге таңдау болмағанын айтады.

Оқи отырыңыз: Тізімдегі партиялар Мирзияев саясатын қолдайды

Бұл - Шавкат Мирзияев билікке келгелі бері өткен алғашқы парламент сайлауы. Елді ұзақ жыл басқарған Ислам Каримов 2016 жылы қайтыс болғаннан кейін оның орнына келген Мирзияев елде реформа жасауға уәде берген. Бірақ оппозиция өкілдері Өзбекстанда саяси өзгеріс жасауға Мирзияевтың батылы жетпей отыр деп санайды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG