Accessibility links

Сомалидегі жарылыстан ондаған адам мерт болды


Жарылыс болған аймақ. Могадишо, 28 желтоқсан 2019 жыл.

28 желтоқсанда Сомали астанасы Могадишода болған жарылыстан кем дегенде 76 адам қаза тапты. Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, ел астанасындағы өткізу пунктінде жүк көлігі жарылған. Жарылыстан 90-нан астам адам жараланды.

Сомали парламентінің мүшесі Абдиризак Мұхаммед Twitter парақшасында қаза болғандар арасында полиция мен бейбіт тұрғындар барын жазды. Мерт болғандардың төртеуі – шетелдік. Кейін олардың екеуі Түркия азаматы екені белгілі болды.

Могадишо мэрі Омар Филиш радио эфирде Бенадир университетінің студенттері де қаза болғанын хабарлады.

Жарылысты ешқандай ұйым мойнына алған жоқ. Бірақ Сомалиде көбіне мұндай шабуылдарды “Аш-Шабаб” террористік тобы ұйымдастырады. Бұл ұйым биыл жазда елдің Кисмайо қаласындағы қонақүйге шабуыдды, наурыздағы Могадишодағы еңбек министрлігіне жасалған шабуылды, ақпанда Могадишо орталығындағы жарылысты өз мойнына алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG