Accessibility links

Қазгидромет: Бірнеше облыста тұман түсіп, тайғақ болады


Қазгидромет Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы бұзылып, тайғақ, тұман болатынын ескертті.

Қазгидромет болжамынша, 29 желтоқсан мен 30 желтоқсанда Түркістан облысында тұман мен көк тайғақ болады. 30 желтоқсанда Шымкентте тұман түседі.

Қостанай облысы мен Қызылорда облысында алдағы күндері тұман мен көк тайғақ болады. Ал Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, боран, жел соғады.

Қазақстан ішкі істер министрлігі жұртты ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG