Accessibility links

Петропавлда өрттен үш адамның қаза болғаны хабарланды


Солтүстік Қазақстан облысының картасы.

Петропавлда өртенген үйден бір әйел және оның екі баласының денесі табылды деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары.

Департамент дерегінше, 1 қаңтарда кешкі сағат 17.00 шамасында өрт сөндіру қызметіне қаладағы үйлердің бірінің төбесінен түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер үй ішінің қатты түтін екенін көрген. Үйден ыстан уланған 1991 жылғы әйел мен оның 2016 және 2018 жылғы екі баласының денесі табылған. Департамент өкілдерінің айтуынша, үйдегі жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп кеткен.

Төтенше жағдай департаменті мамандарының болжамынша, электр құрылғыларын пайдалану ережесі бұзылғандықтан өрт шыққан болуы мүмкін. Нақты себебі анықталып жатыр.

2019 жылы облыста 700-ге жуық өрт болып, 31 адам қаза тапқан. 16 желтоқсанда Қостанай облысы Торғай елді мекенінде үй өртеніп, кемінде төрт адам қаза тапқан, бірнеше адам жараланған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Экономист: Дағдарыс ұзаққа созылып, жұмыссыздар көбеюі мүмкін
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG