Accessibility links

Иранның ықпалды генералдарының бірі Бағдатта қаза тапты


Ирандық генерал Касем Сулеймани.

Ислам революциясы сақшылары корпусының шетелдегі арнайы операцияларына жауапты әскери бөлімді басқарған генерал Касем Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта қаза тапты. Ол жұма күні Бағдат халықаралық әуежайына жасалған әуе соққысы кезінде мерт болған. Бұл ақпаратты бірінші болып Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Пентагон өкілі бұл АҚШ президенті Дональд Трамп бұйрығымен өткізілген Американың әскери операциясы екенін растады.

Сулейманимен бірге Иран қолдайтын қарулы топ жетекшілерінің бірі Әбу Махди әл-Мухандис те мерт болған. Associated Press агенттігіндегі құпия дереккөзге сәйкес, Сулеймани мінген ұшақ Бағдат әуежайына қонған кезде әуеден соққы жасалған.

Сулеймани Иранның әскери құрылымы мен Ислам революциясы сақшылары корпусының ең ықпалды тұлғаларының бірі болған.

Әуе шабуылы Ирактағы Америка әскерилері мен Иранды қолдайтын қарулы топтар арасында жағдай ушыққан кезде жасалып отыр. 27 желтоқсанда Ирактағы Американың әскери базасына әуеден шабуыл жасалып, соның салдарынан келісім-шарт бойынша жұмыс істеген америкалық сарбаз мерт болған. Бұған "жауап" ретінде жасалған әуе соққысынан Иран қолдайтын қарулы топтың 25 содыры өлген.

31 желтоқсанда қарулы топ өкілдері Бағдаттағы Америка елшілігін басып алуға тырысып, елшілік аумағындағы бір ғимаратты жойып жіберген. Ол жаққа 750 АҚШ сарбазының жеткізілгені белгілі болғаннан кейін яғни, екі күннен кейін елшілік қоршаудан босады.

АҚШ президенті Дональд Трамп елшілікке шабуылды Иран ұйымдастырды деп айыптады. Тегеран мұны жоққа шығарды.

Сулейманидің өлімінен кейін Иран мен Иран қолдайтын қарулы топтар Американың Таяу Шығыстағы әскери нысандарына шабуыл жасайды деген болжам айтылып жатыр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG