Accessibility links

Ақтөбе соты "көп балалы әйелдерді қорлады" деп айыпталған белсенді Молдинді ақтады


Белсенді Әлібек Молдин сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 9 қаңтар 2020 жыл.
Белсенді Әлібек Молдин сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 9 қаңтар 2020 жыл.

9 қаңтарда Ақтөбе қалалық соты "көп балалы аналарды қорлады" деп айыпталған ақтөбелік белсенді Әлібек Молдинді ақтады. Сот үкімін оқыған судья Теміржан Алданов "Молдиннің үстінен қозғалған істе қылмыс құрамы табылмады" деді.

Сотқа жеке шағым түсіргендер - Сәнімкүл Сүйінбаева мен Гүлмира Бимағамбетова сот үкімімен келіспейтінін айтқанмен апелляция туралы сөз қозғамады.

Әлібек Молдин өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Ол "қылмыстық істі өзінің белсенділігімен" байланыстырған.

Оқи отырыңыз: Төрт әкімшілік қамау, үш қылмыстық іс. Әлібек Молдиннің соты

Ақтөбеде билікке наразылық акцияларына шығып, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған белсенді Әлібек Молдиннің үстінен "Қорлау" бабымен үш қылмыстық іс қараша айында қозғалған. Сотқа жеке шағым түсірген әйелдер "белсенді әкімдік алдына жиналған кезде бізді тілдеді" деп айыптаған еді. Бастапқыда шағым берушілер саны үш адам болғанмен желтоқсан айының соңында бір адам шағымынан бас тартты. Қараша айының соңында іс біріктіріліп, Ақтөбе соты қарай бастаған.

Молдин сот басталғанда өзіне қозғалған істі "биліктің тапсырмасы" деп санайтынын айтқан. Әкімдік өкілдері мұны жоққа шығарған.

Белсенді Молдин 2016 жылғы жер митингілері, 2019 жылы биліктен әділ сайлау өткізуді талап еткен наразылық шараларына, Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акцияларға қатысқан. Былтыр ол "бейбіт митинг өткізу заңын бұзды" деп төрт рет әкімшілік жауапқа тартылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG