Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайдағы JSTYLE премиясында "Жыл үздігі" атанды


Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 11 қаңтарда Қытайда JSTYLE Exquisite Annual Awards премиясында "Жыл әншісі" номинациясында үздік деп танылды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"JSTYLE [премиясында] "Жылдың үздік әншісі" сыйлығын алдым. Рақмет, dears (Димаштың фан-клубы), мен сіздерді жақсы көремін" деп жазды ол.

Бірнеше күн бұрын басылымдар Димаш Құдайбергеннің оңтүстік кореялық продюсер Сон Кван Сикпен жұмыс істей бастағанын хабарлаған.

Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы I am a Singer конкурсында 2-орын алған. Осыдан кейін оның танымалдығы артып, Қытайда бірнеше сыйлықты иеленген. 2017 жылы ол Top Chinese Music Awards премиясында "Азияның ең танымал әншісі" сыйлығын алған. Ол бұған дейін Нью-Йорк, Лондон және Мәскеуде концерт қойған. 2020 жылы ол Чехия, Украина, Германияда жеке концерт бермек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG