Accessibility links

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті изолятордағы тұтқын өліміне байланысты түсініктеме берді


Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесі.

Қазақстанның ішкі істер министрлігіне қарайтын қылмыстық атқару жүйесі комитеті Алматыдағы тергеу изоляторында "жұмбақ жағдайда көз жұмған" тұтқынның өліміне байланысты түсініктеме берді.

"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, тұтқын өкпе-жүрек ауруынан қайтыс болған. Бұл факті бойынша қажетті тексеру жұмыстары тағайындалды" деді қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері 15 қаңтарда түстен кейін.

Олардың айтуынша, тұтқын Қылмыстық кодекстің 200 ("Көлік құралын заңсыз иемдену") және 192-баптары ("Қарақшылық") бойынша күдікке ілінген.

Бұған дейін Ratel.kz сайты 14 қаңтарда Алматының ЛА-155/18 тергеу изоляторында 19 жастағы Еркебұлан Нұрмыханов есімді тұтқын жұмбақ жағдайда көз жұмды деп хабарлаған.

Тергеу изоляторы дәрігерлерінің сөзіне қарағанда, Нұрмыхановтың дене қызуы көтеріліп, оған анальгин және димедролдан укол салынған. Уколдан кейін тұтқынның жағдайы тіпті мүшкілденген, жедел жәрдем келгенге дейін өліп кеткен.

Ал туыстары тергеу изоляторы өкілдерінің сөзіне күмән келтірген. Олардың айтуынша, тұтқынның дәріге аллергиясы болмаған. Мәйітті тану үшін мәйітханаға барған кезде олар Нұрмыхановтың денесінің оң жағы, беті мен басы да көкпеңбек дақтарға толып кеткенін байқаған. Иығынан жараға ұқсас із білінген.

Нұрмыханов 14 қарашада екі айға қамауға алынған. 14 қаңтарда түрмеде отыру мерзімі бітуі тиіс болған.

Оқи отырыңыз: "Алматыда тергеу изоляторында тұтқын жұмбақ жағдайда көз жұмды"

Қазақстан түрмелерінде тұтқындардың жұмбақ жағдайда көз жұму оқиғалары сирек болмайды. Тамыз айында Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 түрмесінде бір тұтқын "дарға асылған күйі" табылған. Түрме әкімшілігі оны "өзіне қол жұмсады" десе, құқық қорғаушылар мен тұтқындар бұған сенбейтінін айтқан.

Оқи отырыңыз: "Түрме әкімшілігін айыптаған" тұтқын өлі табылған

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG