Accessibility links

Көліктерін тіркеуге жеңілдік сұраған қызылордалықтар "Нұр Отанға" барды


Қазақстанға тіркелмеген семейлік көлік иелері полициямен кездесіп тұр. Шығыс Қазақстан, 18 қаңтар 2020 жыл. Көрнекі сурет.

Армения, Қырғызстан және Ресейден көлік сатып әкеліп, Қазақстанда есепке қоймаған оннан астам адам бүгін Қызылорда қаласындағы "Нұр Отан" партиясының бөлімшесіне барып, наразылық білдірді.

Олар "шетелден көлік сатып алғанда Қазақстанда есепке қоймай жүре беруге болмайтыны туралы тиісті орындар ескертпеді" деп санайды.

Тіркелмеген көлік иелерінің бірі Қайнарбек Жүгінісов "көлігімізді қазіргі талап бойынша тіркетуге қаржымыз жетпейді, үкімет бізге жеңілдікпен тіркеуге мүмкіндік берсін" дейді.

"Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық бөлімшесі тіркелмеген көлік иелерінің билікке жазған өтініш хаттарын алып қалды.

Биыл қаңтар ортасында ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында жүргеніне бір жыл болған, бірақ есепке тұрмаған көлік иелеріне ескерту жасап, заңды тіркеуге қоюға шақырған. Осыдан кейін Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Орал, Семей, Петропавл қалаларында тіркелмеген көлік иелері жиналып, наразылық білдірген. Олар Қазақстанға әкелген көлікті тіркеу тым қымбат екенін айтады. Билік тіркелмеген көліктер заң бұзса, жауапкершіліктен жалтарады деп есептейді.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Днепрде вирустан қайтыс болуы мүмкін адамдарға қабір қазып қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
XS
SM
MD
LG