Accessibility links

Сирияда әуе шабуылынан ондаған адам қаза тапты


Идлиб аумағынан көшіп бара жатқан бейбіт тұрғындар, Сирия, желтоқсан 2019 жыл.

Сирияда Ресей әскерилерінің әуе соққысынан кемінде 40 адам қаза тапты деп хабарлады куәгерлер мен құтқарушылар сөзіне сүйенген Reuters агенттігі. Елдің солтүстік-шығыс бөлігінде үздіксіз атыстың кесірінен 350 мың тұрғын үйлерін тастап кеткен. Ондаған адам Түркиямен шекаралас аймақа қашқан.

Желтоқсан айының ортасында үкімет күштері ресейлік авиация көмегімен Идлиб провинциясында шабуылды жалғастырған. Бұл Ефрат өзенінің батысындағы қарулы оппозиция бақылайтын соңғы аумақ. Гуманитарлық ұйымдардың дерегінше, желтоқсан айында 22 адам оққа ұшқан. Ауруханалар, мектептер қираған.

Мәскеу және Дамаск шабуыл кезінде азаматтық нысындар да бүлінді деген ақпаратты жоққа шығарып, тек радикал экстремистердің нысандарын бомбалағанын айтады.

АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция 2014 жылы Сирияда содырлармен күресті бастаған. Коалиция Сирия демократиялық оппозиция күштерін қолдайды.

Ресей Сирияда әскери операциясын 2015 жылы күзде бастаған. Ол ел президенті Башар Асад әскерін қолдап, елдегі сегіз жылға созылған азаматтық соғыста Асадтың басымдыққа ие болуына ықпал еткен. Сириядағы әскери операция кезінде ондаған ресейлік сарбаз қаза тапқан. Халықаралық коалиция Мәскеуді Башар Асад режимін қолдады деп бірнеше рет сынаған. Батыс Мәскеуді адам құқығын өрескел бұзды деп айыптаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Covid-19 дертінен айыққан Елдостың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:48 0:00
XS
SM
MD
LG