Accessibility links

Ресейде Конституцияға түзету енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды


Ресейдің мемлекеттік думасының отырысы.
Ресейдің мемлекеттік думасының отырысы.

Ресейдің мемлекеттік думасы 23 қаңтарда президент Владимир Путин талқылауға шығарған Конституцияға түзету енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты депутаттардың барлығы бірауыздан қолдады: оған 432 депутат дауыс берді. Екінші оқылым 11 ақпанда болады деп хабарлады мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин.

15 қаңтарда президент Владимир Путин федералды жиынға дәстүрлі жолдауында Ресей Конституциясын түбегейлі өзгертуді, билік құзыретін қазір еш күші жоқ парламент пен мемлекеттік кеңестің пайдасына бөлуді ұсынған.

Парламентке 20 қаңтарда түскен заң жобасында Конституцияның 22 бабын өзгерту туралы ұсыныс бар. Бұл өзгерістер билік тармақтары арасында өкілетті басқаша бөлуді көздейді. Атап айтқанда, президент негізгі заңда өзі қалпына келтірген мемлекеттік кеңестің статусы мен рөлін бекітуді ұсынады. Бұған қоса, Ресей Конституциясының халықаралық заңнамадан жоғары тұрғанын бекітуді ұсынады.

Көптеген сарапшылар осы өзгерістер арқылы Путин билікті сақтап қалуға тырысады деп есептейді. Конституция қатарынан екі реттен артық президент болуға тыйым салғандықтан Путин 2024 жылы президент сайлауына қатыса алмайды.

Оқи отырыңыз: "Путин өмір бойы басқаруға қамданып жатыр". Ресейде үкімет ауысты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG