Accessibility links

Елизавета II Брекзит туралы заңды мақұлдады. Ұлыбритания 31 қаңтарда ЕО-дан шығады


Ұлыбритания патшайымы Елизавета II. 
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II. 

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ парламент қабылдаған Еуроодақтан шығу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат заң ретінде күшіне енді. Оған сәйкес, Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қаңтар Лондон уақытымен сағат 23:00-де шығады.

Заң жобасы премьер-министр Борис Джонсонның қазан айында Брюссельмен мақұлдаған келісіміне негізделген. Бұл келісімді 29 қаңтарда Еуропарламент те мақұлдауы тиіс. Еуропа Одағының көптеген мүшелері Брекзитке қуанбағанмен келісілген құжатты даусыз қабылдайды деп айтылады.

Ұлыбритания Брекзит туралы референдум өткеннен кейін 3,5 жылдан соң Еуропа Одағынан шығайын деп отыр. Британ парламенті Еуроодақпен келісімді мақұлдаудан бас тартқандықтан Брекзиттің мерзімі үш рет шегерілді. Өткен жылы премьер-министр болып сайланған Борис Джонсон Еуроодақпен жаңа келісім жасасты, ізінше кезектен тыс парламент сайлауы болып, онда жеңіске жетті. Басым көпшілігі консерваторлар отырған қауымдар палатасынан құжат еш қиындықсыз өтті.

Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін аралық кезең басталады. Ол 2020 жылы 31 желтоқсанға дейін созылады. Осы уақыт аралығында Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында жаңа сауда келісімі жасалуы тиіс.

Оқи отырыңыз: Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы келісімді мақұлдады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG