Accessibility links

Прокурор "Хизб ут-Тахрирге қосылды" деп айыпталған әйелдерге 6 жыл сұрады


Айыпталушы Қарлығаш Адасбекова және адвокаты Руслан Жаңабаев сот залында отыр. Алматы, 3 желтоқсан 2019 жыл.
Айыпталушы Қарлығаш Адасбекова және адвокаты Руслан Жаңабаев сот залында отыр. Алматы, 3 желтоқсан 2019 жыл.

24 қаңтарда "діни араздық қоздырды" және "тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деп айыпталған 28 жастағы Дария Нышанова және 44 жастағы Қарлығаш Адасбекованың ісі бойынша сотта прокурор оларға түрме жазасын беруді сұрады. Айыптау тарабы олардың әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі орташа (жалпы режимдегі колония) мекемеге жіберуді сұрады. Прокурордың айтуынша, екі айыпталушының кінәсі дәлелденген.

Айыпталушылардың адвокаттары қылмыс құрамы жоқ екенін айтып, оларды ақтауды сұрады. Адасбекова мен Нышанова жарыссөз кезінде және соңғы сөзінде өздерінің кінәсі жоғын айтып, ақтауды сұрады. Судья Ернар Қасымбеков сот үкімін 27 қаңтарда оқиды.

Айыптау актісіне қарағанда, Адасбекова мен Нышанова "діни араздық тудыратын идеялар насихаттайтын" WhatsApp желісіндегі топта болған. Екеуі де Қазақстанда 2005 жылы экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымының жұмысына қатысқан деп айыпталып отыр. Екеуі де WhatsApp-та ақпарат таратқанын мойындайды, бірақ діни араздық тудырды деген айыппен келіспейді. Олардың айтуынша, олар әлеуметтік желіде жәй ғана пікірлерімен бөліскен. Екі әйел сонымен бірге "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы жоғын айтады.

Қазақстанда "Хизб ут-Тахрир" ұйымы "діни экстремистік топ" деп танылған. Бұл ұйым Еуропаның кейбір елдерінде заң жүзінде жұмыс істейді.


  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG