Accessibility links

Пентагон АҚШ ұшағы құлағанын растады


Ғазни провинциясындағы ұшақ құлаған жерге үкімет әскері бара жатыр. 27 қаңтар 2020 жыл.
Ғазни провинциясындағы ұшақ құлаған жерге үкімет әскері бара жатыр. 27 қаңтар 2020 жыл.

Пентагон Ауғанстанның Ғазни провинциясында құлаған ұшақта бірнеше әскери қызметкер қаза болғанын растады. Reuters агенттігі Bombardier E-11A ұшағы тәлібтер бақылауындағы аумаққа құлағанын, оны атып түсіргенін тәлібтер мойнына алғанын хабарлаған.

Агенттік сілтеме жасаған, аты-жөнін жариялағасы келмеген тағы бір дереккөз де ұшақ қарсыластың әрекетінен кейін құлағанын растаған.

AFP агенттігі Bombardier E-11A ұшағы әскер, барлау және ұшқышсыз ұшақтарды басқаруға арналған мобильді торап қызметін атқарған. Кей деректер АҚШ-тың бес, кейбір деректер 10 әскери қызметкері өлгенін айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG