Accessibility links

Сәпиев: Вирусқа байланысты Қытайда шегерілген теннис турнирі Қазақстанда өтпейді

Серік Сәпиев.
Серік Сәпиев.

Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасы Серік Сәпиев "вирусқа байланысты Қытайда кейінге шегерілген теннис турнирі Қазақстанда өтеді" деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, қазіргі кезде министрлік халықаралық шараларды кейінге қалдырып жатыр.

- The New York Times басылымында бұл турнирді Қазақстанда өткізу жоспарланған деп жазылған, ал біздікілер бекітіліп қойған шешім ретінде қабылдап, өтеді деген...4-8 ақпанда теннис бойынша халықаралық турнир Қазақстанда өтпейді. Біздің спортшылар басқа шетелге қатысады, бірақ Қытайға шықпайды, - деді комитет төрағасы Азаттық тілшісіне.

Бұл ақпаратты Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин де растады. Премьер-министрдің ресми сайтында 12-16 ақпанда су добынан Азия іріктеу чемпионаты да өтпейді деп жазылған.

26 қаңтарда The New York Times басылымы Қытайдың Дунгуань қаласында теннистен өтетін халықаралық турнирдің коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанға ауыстырылғаны, мұнда 4-8 ақпанда өтетіні туралы хабарлаған. Осыдан кейін бұл тақырып әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар мәселеге алаңдаған.

Әйел теннисшілер арасында өтуі тиіс болған жарысқа (Fed Cup) Қытай, Тайвань, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және өзге Азия елдерінен спортшылар қатысады деп хабарланған еді.

Қазақстан Қытайда тараған коронавирусқа байланысты бұған дейін осы елдің азаматтарына виза беруді шектеген.

Қытайда коронавирус жұқпалы ауруынан өлгендер саны соңғы деректер бойынша 132 адамға жетіп, 5974 адамның жұқтырғаны анықталды. Әлем елдерінің біразы халқын Қытайға барудан тартына тұруға шақырып жатыр.

Ухань. Қытай билігі вируспен күресіп жатыр

Комбинезон киіп, маска таққан адамдар Пекин метросындағы жолаушыларды тексеріп жатыр. Пекин, 24 қаңтар 2020 жыл.

1/12 Комбинезон киіп, маска таққан адамдар Пекин метросындағы жолаушыларды тексеріп жатыр. Пекин, 24 қаңтар 2020 жыл.

Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Пекин вокзалында маска таққан жолаушылар. 24 қаңтар 2020 жыл.
2/12 Пекин вокзалында маска таққан жолаушылар. 24 қаңтар 2020 жыл.
Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Ухань қаласындағы (Хубэй провинциясы) ауруханада дәрігер адамдардың дене қызуын өлшеп жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

3/12 Ухань қаласындағы (Хубэй провинциясы) ауруханада дәрігер адамдардың дене қызуын өлшеп жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Уханьдағы Чжуннань ауруханасында да дәрігерлер солай киінген. 22 қаңтар 2020 жыл.
4/12 Уханьдағы Чжуннань ауруханасында да дәрігерлер солай киінген. 22 қаңтар 2020 жыл.
Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Ухань қаласында науқасты Қызыл Крест ұйымының ауруханасына көшіріп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.
5/12 Ухань қаласында науқасты Қызыл Крест ұйымының ауруханасына көшіріп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.
Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Уханьда шұғыл уақытша аурухана салуға көшті. Төбеден түсіргендегі көрініс. 24 қаңтар 2020 жыл.
6/12 Уханьда шұғыл уақытша аурухана салуға көшті. Төбеден түсіргендегі көрініс. 24 қаңтар 2020 жыл.
Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Милиция Ухань қаласының ақылы шоссесіне кіреберіс жерде жолаушылардың дене қызуын тексеріп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.

7/12 Милиция Ухань қаласының ақылы шоссесіне кіреберіс жерде жолаушылардың дене қызуын тексеріп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.

Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Ухань қаласының метросында жолаушылардың дене қызуын көрсететін мониторлар. 21 қаңтар 2020 жыл.
8/12 Ухань қаласының метросында жолаушылардың дене қызуын көрсететін мониторлар. 21 қаңтар 2020 жыл.
Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Дәрігерлер Уханьға жақын орналасқан Сяньнин қаласынан Солтүстік темір жол вокзалына келген жолаушыларды тексеріп жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

9/12 Дәрігерлер Уханьға жақын орналасқан Сяньнин қаласынан Солтүстік темір жол вокзалына келген жолаушыларды тексеріп жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Наньчан қаласындағы вокзалды дезинфекциялап жатыр. 22 қаңтар 2020 жыл.

10/12 Наньчан қаласындағы вокзалды дезинфекциялап жатыр. 22 қаңтар 2020 жыл.

Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Медициналық маска шығаратын зауыт жұмысшылары. Қытайда вирус тарағаннан кейін маскаға сұраныс күрт артқан. Ханьдань, Хэбэй провинциясы. 23 қаңтар 2020 жыл.
11/12 Медициналық маска шығаратын зауыт жұмысшылары. Қытайда вирус тарағаннан кейін маскаға сұраныс күрт артқан. Ханьдань, Хэбэй провинциясы. 23 қаңтар 2020 жыл.
Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
C дәрумені мен қолды тазалайтын заттарды алу үшін кезекке тұрған жұрт. Гонконгта оны тегін таратып жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

12/12 C дәрумені мен қолды тазалайтын заттарды алу үшін кезекке тұрған жұрт. Гонконгта оны тегін таратып жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласы деп айтылады.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG