Accessibility links

Қазақстан Қытайға қатынайтын пойыз бен әуе рейстерін тоқтатып жатыр


Таиландық әуе компаниясы ұшақ салонын дезинфекциялап жатыр. 28 қаңтар 2020 жыл.

Қазақстан Қытаймен арадағы әуе, көлік байланысын тоқтатады деп хабарлады 29 қаңтарда премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"29 қаңтардан бастап Қазақстан мен Қытай арасында автобуспен жолаушыларды тасымалдау уақытша тоқтатылды. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойызы уақытша тоқтайды. 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды" делінген премьер-министр сайтында.

Сайттағы дерекке сәйкес, 29 қаңтар күнгі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтыру оқиғасы тіркелмеген.

Қазақстан Халықаралық теннис федерациясының Қытайдың Дунгуан қаласында өтуі тиіс болған теннис турнирін Нұр-Сұлтанда өткізу туралы ұсынысын да қабылдамаған.

28 қаңтарда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қытайдан келген бес адамның жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) күдігімен ауруханаға түскенін хабарлаған. Кейінірек Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір науқастан коронавирус табылмағанын айтты. Көкшетау облыстық балалар ауруханасына түскен екі баладан да вирус табылмаған.

28 қаңтарда Қытайдан Қазақстанға эвакуацияланған 21 азаматтың екеуінен дене қызуы байқалып, Панфилов аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің бокс палатасына жатқызылған.

Оқи отырыңыз: "Қытайдан келген 4 адам ауруханаға жатқызылды"

Қытайда коронавирус жұқпалы ауруынан өлгендер саны соңғы деректер бойынша 132 адамға жетіп, 5974 адамның жұқтырғаны анықталды. Әлем елдерінің біразы халқын Қытайға барудан тартына тұруға шақырып жатыр.​

Коронавирусты жұқтырған адамдар Германия, Шри-Ланка,Малайзия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Таиланд, Канада, Непал, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Сингапур, Жапония, АҚШ, Франция, Австралияда кезіккен.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG