Accessibility links

БҚО-да мүйізі кесілген ондаған киіктің өлігі табылды

Батыс Қазақстан облысының картасы.
Батыс Қазақстан облысының картасы.

Батыс Қазақстан облысында шалғай аумақтан мүйіздері кесілген ондаған киіктің өлігі табылды деп хабарлады Батыс Қазақстан орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.

- Алдын ала мәлімет бойынша, киіктер көп мекендей бермейтін, шалғай ауданда шамамен 50 киіктің өлігі табылды, олардың нақты саны кейінірек анықталады. Мұнда инспекторлар да жиі болмайды - алыс аудан, иен дала десе де болады. Біздің қызметкерлер оқиға орнынан гильза, автокөліктің ізін тапты, - деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің жетекшісі Серік Мәженов.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша ("Заңсыз аң аулау") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

- 30 қаңтарда сағат 19 шамасында Жаңақала ауданы Мәстексай елді мекенінен 56 шақырым жерде атылған 50 киіктің өлігі табылды, олардың мүйіздері кесілген. Қазір Жаңақала аудандық полиция бөлімі қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларын жүргізіп, қылмыс жасағандарды анықтауға кірісті, - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Киік мүйізі дәстүрлі шығыс медицинасында қолданылады.

Соңғы кезде Қазақстанның әр аймағынан заңсыз киік аулағаны туралы хабарламалар жиілеген. Өткен жылы заңсыз киік аулаушыларды ұстауға тырысқан "Охотзоопром" кәсіпорнының екі инспекторы қаза болды.

Киік пен оны қорғаушыға төнген қауіп

Киіктің (ақбөкен) ұрғашы я еркек екенін мүйізіне қарап ажыратуға болады. Ұрғашы киікте мүйіз болмайды. Пайдакүнемдер жануарды қара базарда үлкен сұранысқа ие мүйізіне бола заңсыз аулайды.
1/10 Киіктің (ақбөкен) ұрғашы я еркек екенін мүйізіне қарап ажыратуға болады. Ұрғашы киікте мүйіз болмайды. Пайдакүнемдер жануарды қара базарда үлкен сұранысқа ие мүйізіне бола заңсыз аулайды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
"Қызыл кітапқа" енген бұл жануар бір кездері Азиядан Еуропаның батысына дейінгі ұлан-ғайыр аумақта еркін жайылып жүретін. Қазір киіктің негізгі бөлігі Қазақстанда тіршілік етеді. Оларды Ресей мен Моңғолиядан да кезіктіруге болады.
2/10 "Қызыл кітапқа" енген бұл жануар бір кездері Азиядан Еуропаның батысына дейінгі ұлан-ғайыр аумақта еркін жайылып жүретін. Қазір киіктің негізгі бөлігі Қазақстанда тіршілік етеді. Оларды Ресей мен Моңғолиядан да кезіктіруге болады.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Зерттеушілер дерегінше, киікті дөңес тұмсығы жаздыгүні – шаңнан, қыстыгүні суық ауадан қорғайды.
3/10 Зерттеушілер дерегінше, киікті дөңес тұмсығы жаздыгүні – шаңнан, қыстыгүні суық ауадан қорғайды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Ақбөкеннің саны бір ғасырға жуық уақыт ішінде бірнеше рет күрт азайып, кейін қайта көбейген. 1920 жылдары Совет билігі құрып бітуге шақ қалған киікті атуға тыйым салған. 2015 жылы Қазақстанда індет салдарынан бірнеше апта ішінде 150 мыңнан аса киік (әлемдегі санының 62 проценті) қырылған.
4/10 Ақбөкеннің саны бір ғасырға жуық уақыт ішінде бірнеше рет күрт азайып, кейін қайта көбейген. 1920 жылдары Совет билігі құрып бітуге шақ қалған киікті атуға тыйым салған. 2015 жылы Қазақстанда індет салдарынан бірнеше апта ішінде 150 мыңнан аса киік (әлемдегі санының 62 проценті) қырылған.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Соңғы мәліметтер бойынша, қазір киік саны қайта өскен. 2019 жылы Қазақстанда жүргізілген санақ қорытындысы бойынша, ақбөкен саны 150 мыңнан 334 мыңға артқан.
5/10 Соңғы мәліметтер бойынша, қазір киік саны қайта өскен. 2019 жылы Қазақстанда жүргізілген санақ қорытындысы бойынша, ақбөкен саны 150 мыңнан 334 мыңға артқан.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Бірақ киікке төнген қатер әлі сейілген жоқ. Қытайда мүйізіне сұраныс жоғары киікті заңсыз аулау жалғасып келеді.
6/10 Бірақ киікке төнген қатер әлі сейілген жоқ. Қытайда мүйізіне сұраныс жоғары киікті заңсыз аулау жалғасып келеді.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Гонконг билігі тәркілеген контрабандалық заттар. Киік мүйізінен жасалған "Деток" өнімі Қытайда кең танымал. 2018 жылы Сингапурде тұратын қытайлар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда, азаматтардың 13 проценті киік өнімдері бар дәрі-дәрмекті тұтынатынын айтқан.
7/10 Гонконг билігі тәркілеген контрабандалық заттар. Киік мүйізінен жасалған "Деток" өнімі Қытайда кең танымал. 2018 жылы Сингапурде тұратын қытайлар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда, азаматтардың 13 проценті киік өнімдері бар дәрі-дәрмекті тұтынатынын айтқан.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Сондықтан жануарлар әлемін қорғайтын инспектор жұмысы киік саны кеміп кетпеуі үшін аса маңызды саналады. Бірақ Қазақстанда бұл кәсіп иесінің өзіне төнетін қауіп те ұлғая түскені байқалады.
8/10 Сондықтан жануарлар әлемін қорғайтын инспектор жұмысы киік саны кеміп кетпеуі үшін аса маңызды саналады. Бірақ Қазақстанда бұл кәсіп иесінің өзіне төнетін қауіп те ұлғая түскені байқалады.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
2019 жылғы қаңтарда республикалық "Охотзоопром" мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев (суретте) пен оның әріптесі киікті заңсыз аулап жүргендерді ұстаған кезде браконьерлердің бірі Нұрғалиевті ауыр затпен ұрып жаралаған. Басына қатты зақым келген ол екі күннен соң ауруханада көз жұмды.
9/10 2019 жылғы қаңтарда республикалық "Охотзоопром" мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев (суретте) пен оның әріптесі киікті заңсыз аулап жүргендерді ұстаған кезде браконьерлердің бірі Нұрғалиевті ауыр затпен ұрып жаралаған. Басына қатты зақым келген ол екі күннен соң ауруханада көз жұмды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Биыл шілденің 23-іне қараған күні "Охотзоопром" мекемесінің тағы бір инспекторы Қаныш Нұртазинов браконьер қолынан қаза тауып, оның әріптесі Самат Оспанов жараланды. Заңсыз киік аулап жүрген адамдар өздерінің ізіне түскен инспекторларға қарудан оқ атқан. 43 жастағы Нұртазиновтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.
10/10 Биыл шілденің 23-іне қараған күні "Охотзоопром" мекемесінің тағы бір инспекторы Қаныш Нұртазинов браконьер қолынан қаза тауып, оның әріптесі Самат Оспанов жараланды. Заңсыз киік аулап жүрген адамдар өздерінің ізіне түскен инспекторларға қарудан оқ атқан. 43 жастағы Нұртазиновтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG