Accessibility links

Киік пен оны қорғаушыға төнген қауіп

Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер ұлғая түскені байқалады.

Шілденің 23-і күні республикалық "Охотзоопром" мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Қаныш Нұртазинов жарақат салдарынан қайтыс болды. 43 жастағы инспектор Ақмола облысында браконьерді қуып бара жатқанда оқ тиіп, жараланған. Ақпан айында Қарағанды облысында тағы бір инспектор Ерлан Нұрғалиев браконьер қолынан қаза болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG