Accessibility links

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 300-ден асты


Гуандонь провинциясындағы зертханада қызметкер коронавирусқа байланысты сынақ жүргізіп жатыр. 28 қаңтар 2020 жыл.

2 ақпанда Қытайдың денсаулық сақтау саласы мамандары Ухань қаласынан тараған коронавирустан кемінде 304 адамның көз жұмғанын хабарлады. 14 380 адам вирусты жұқтырған.

Қытайдан тыс аумақта да вирус жылдам тарап жатыр. Соңғы екі күнде Ресей, Ұлыбритания, Швеция алғашқы вирусты жұқтыру оқиғасының тіркелгенін хабарлады. Вирустың таралуын тоқтату үшін Қытайға баруға тыйым салған мемлекеттер қатары көбейді. АҚШ, Австралия соңғы екі аптада Қытайда болған азаматтардың елге кіруіне тыйым салды.

АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Алекс Азар жақында Қытайда болған "шетел азаматтарының (АҚШ-та жақындары бар немесе сонда тұрақты тіркелген азаматтардан басқасы) АҚШ-қа кіруіне тыйым салынады" деді. АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер карантин орны ретінде әскери базаларды пайдалану туралы денсаулық сақтау мамандарының өтінішін қабылдағанын растады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1 ақпанда әлем елдерін коронавирустың жергілікті аумақта таралуына дайын болуға шақырған.

Соңғы дерек бойынша, кемінде 25 мемлекеттен коронавирус табылған. Науқастардың көбі жақында Қытайдан келген немесе Қытайдан келгендермен байланыста болған адамдар.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан қаза тапқандар саны 200-ден асты. ДДСҰ төтенше жағдай жариялады

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Днепрде вирустан қайтыс болуы мүмкін адамдарға қабір қазып қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
XS
SM
MD
LG