Accessibility links

Журналист Батырбековті сотқа берген Абдиевтің үстінен қылмыстық іс ашылды


Учаскелік полиция бөлімінің ғимараты. Көрнекі сурет.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция басқармасы журналист Амангелді Батырбековті "жала жапты", "қорлады" деп сотқа берген Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевтің үстінен қылмыстық іс ашты. Бұл ақпаратты 5 ақпанда Азаттыққа облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова растады.

Салтанат Қаракөзованың мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевке қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша ("Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма”) қылмыстық іс тіркеген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бахтияр Абдиев Азаттыққа журналист Батырбековтің арыз жазғанынан хабардар екенін айтты.

Ал Амангелді Батырбеков "жәбірленуші ретінде көрінеу жалған ақпарат бергені үшін" Абдиевтің үстінен арыз жазғанын айтады.

Бахтияр Абдиев бұған дейін "Сарыағаш-инфо" газетінің редакторы Амангелді Батырбеков “ар-намысыма тиіп, қорлады" деп Сарыағаш аудандық сотына шағымданған. Аудандық сот 2019 жылдың 23 қыркүйегінде журналисті Қылмыстық Кодекстің "Жала жабу" және "Қорлау" бабымен кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға қамаған. 9 қаңтарда Түркістан облыстық соты Сарыағаш аудандық сотының үкімінің күшін жойып, Батырбековты ақтап, кешірім сұраған.

Оқи отырыңыз: Түркістан облыстық соты журналист Амангелді Батырбековті ақтады

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG