Accessibility links

Ресей мұнайы бірнеше аптада 20 пайызға жуық арзандады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

10 ақпан күні Ресейдің Urals маркалы мұнайының бір баррелі 3,4 мың рубльден төмен бағамен сатылды. Бұл соңғы екі жылдағы ең төменгі көрсеткіш деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Сауда барысында бір баррель мұнайдың бағасы 2,6 пайызға, яғни 3390 рубльге дейін төмендеп, 2018 жылы 15 ақпандағы шамасына дейін түсті. Ресей мұнайының бағасы төртінші апта бойы үздіксіз төмендеп келеді, осы уақыт ішінде мұнай 20 пайызға жуық арзандады.

Еуропаның мұнай нарығында баға төмендегеннен кейін Ресей мұнайының рубльмен қойылған бағасы да түсе бастаған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні спот-рынокта ресейлік Urals мұнайының бір баррелінің бағасы 52,82 долларға дейін төмендеген. Бұл 2019 жылғы 2 қаңтардан бергі кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш.

Оқи отырыңыз: ОПЕК елдері мен Ресей төтенше шараларға дайындалып жатыр

Мұнай бағасының құлдырауына әлемдегі ең ірі мұнай импортері саналатын Қытайдың тұтынатын мұнай көлеміне осы елде тараған коронавирус әсер ете ме деп қауіптенетін инвесторлардың алаңдаушылығы себеп болып отыр деп жазады "Коммерсантъ" басылымы.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG