Accessibility links

Министр "Айсұлтан Назарбаевтың жазбасы жайлы жазғандарды" қай баппен жазалау керегін ашып айтпады


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бейбіт жиын туралы заң жобасын талқылауға арналған жиында отыр. Алматы, 17 ақпан 2020 жыл.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бейбіт жиын туралы заң жобасын талқылауға арналған жиында отыр. Алматы, 17 ақпан 2020 жыл.

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев журналистерге берген сұхбатында Айсұлтан Назарбаевтың посттары жайлы жазғандарды қай баппен жазалау керегін нақты айтпады. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның ұлы өткен айда Facebook парақшасында отбасы жайлы бірнеше пост жазған.

Ол Қазақстан журналистеріне берген сұхбаттарының бірінде өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан. 13 ақпанда Facebook парақшасына жазғаны постында Ұлыбританиядан саяси баспана сұрағанын хабарлаған. Айсұлтан Назарбаев сол постында Қазақстандағы ең ықпалды Назарбаев әулетінің "аса ауқымды жемқорлық істерін" білетінін, шешесі оны айттырмас үшін қысым жасағауға тырысып отырғанын жазған.

Сол күні кешке ақпарат және қоғамдық даму министрі Абаев «Хабар» арнасының эфирінде «Айсұлтан Назарбаев белгілі бір адамдардың ықпалымен жазып отыр» деп мәлімдеді. Назарбаевтың жиенінің жазбасына билік тарапынан алғаш пікір білдірген Абаев «Қазақстанның тұңғыш президентіне кір жағуға тырысқан бейшара әрекет» деп бағалап, «мұндай жағдайлар жазасыз қалмайды» деген еді.

Оқи отырыңыз: Айсұлтан Назарбаевтың жаңа мәлімдемесіне билік реакциясы

17 ақпанда «мұндай жағдайларға байланысты, мәселен New York Times сияқты ақпарат құралдары қандай құқықтық нормативтік акті бойынша жазаланатынын» сұраған ҚазТАГ агенттігінің тілшісі Мәдина Әлімхановаға Абаев «тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, моральдық тұрғыдан да қарау керек. Жалған, бұрмаланған ақпарат таратылса заңмен қудаланады. Нақты жаза қолдану мәселесін заң бойынша қарау керек. Ол сіз айтқан шетелдік ақпарат құралына қатысты болмауы мүмкін» деп жауап берді.

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Рахат Әлиев түрлі жоғары лауазымды қызметтерді атқарып, 2007 жылы шетелге кеткен. 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінде өлген. Ресми тергеу "суицид жасаған" деген шешімге келген. Әлиевтің екінші әйелі Эльнара Шоразованың адвокаттары Германияның кей сарапшыларына сілтеп «Әлиевті түрмеде өлтірген» деп санайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG