Accessibility links

СІМ: Коронавирус табылған кемедегі төрт қазақстандық жақында елге оралады


Жапония жағалауында карантинде тұрған лайнер. 11 ақпан 2020 жыл.

Коронавирус табылып, Жапония жағалауында карантинге тұрып қалған Diamond Princess кемесіндегі төрт қазақстандық 19 ақпанда карантиннен шығады, қосымша тестен аман-есен өтсе, жақын арада Қазақстанға оралады деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сәрсенбі күні .

"Біздің азаматтардан вирус табылған жоқ, кемедегі сынақ соны дәлелдеді. Қазір 14 күнге созылған карантин мерзімі аяқталды. Бүгіннен бастап оларды лайнерден шығара бастайды. Жерде қосымша тестен өтеді" деді журналистерге Тілеуберді. Егер коронавирус табылмаса, жақын арада Қазақстанға оралады.

Министрдің айтуынша, төрт азамат Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей рейс арқылы елге жетеді. Бірақ олар жол шығынын өздері өтейді.

18 ақпанда сыртқы істер министрлігі кемеде Қазақстанның төрт азаматы: 8 және 12 жастағы немерелерімен екі әйел бар деп мәлімдеген еді.

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess лайнерінде 5 ақпанда бір адамнан коронавирус табылып, карантинге жабылған. Кеме ішінде 50 елден 3700 адам болған. 18 ақпандағы дерек бойынша, круизде 540 адам коронавирус жұқтырған.

19 ақпандағы мәліметке қарағанда, қазір Қытайда коронавирус жұқтырғандар 74 мыңнан, қаза болғандар 2000-нан асқан. Қытай билігінің дерегінше 12 мың адам коронавирустен айыққан. Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар жоқ.

Видео: Коронавирус туралы не білу керек? (Қаңтар айы, 2020 жыл).

Коронавирус туралы не білу керек?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00

.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ақша да, тамақ та жоқ. COVID-19 постсовет елдерінің жұртын уайымға салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00
XS
SM
MD
LG