Accessibility links

Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды


Дархан Кәлетаев Азаттыққа сұқбат беріп отыр. Нұр-Сұлтан, 27 маусым 2018 жыл.
Дархан Кәлетаев Азаттыққа сұқбат беріп отыр. Нұр-Сұлтан, 27 маусым 2018 жыл.

22 ақпанда президент жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін Қазақстанның Украина мен Молдовадағы елшісі болған Самат Ордабаев қызметінен босаған.

Сенбі күні Тоқаев жарлығымен Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматовқа Қазақстанның Ирак пен Палестинадағы елшісі қызметі қоса жүктелген.

Кәлетаев 2019 жылы наурыз бен желтоқсан айларында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған. Қалетаев бұл қызметке наурыз айында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен кейін тағайындалған еді. Ол 2018 жылдың шілде айы мен 2019 жылдың ақпан айы аралығында қоғамдық даму министрі болған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған ол әр жылдары президент әкімшілігінде, «Нұр Отан» партиясында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет еткен. 2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болған.

Оқи отырыңыз: Бозымбаев президент көмекшісі болды, Қалетаев қызметінен кетті

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG