Accessibility links

Вашингтон: Ресей коронавирус туралы жалған ақпарат таратты


Темір жол станциясын дезинфекциялап жатқан мамандар. Қытай, 22 ақпан 2020 жыл.
Темір жол станциясын дезинфекциялап жатқан мамандар. Қытай, 22 ақпан 2020 жыл.

Ресеймен байланысты мыңдаған әлеуметтік желі аккаунттары қытайлық коронавирус туралы жалған ақпарат таратты. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филипп Рикердің айтуынша, жалған ақпарат таратуды көздейтін ресейлік кампаниялар АҚШ-тың коронавирустың таралуына қатысы бары туралы негізсіз теорияларды алға тартқан.

Халықаралық француз радиосы (RFI) ресейлік насихатшылар қолданатын амалдардың біріне тоқталды деп жазды AFP агенттігі. Насихатшылар COVID-19 - "АҚШ барлау қызметі шығарған биологиялық қару. АҚШ Қытаймен экономикалық сауда соғысын жалғастыру үшін вирусты әдейі таратып отыр" деген жалған теорияны таратып отыр.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, Ресей "америкалық институттар мен одақтарға іріткі салып, іштен ыдыратқысы келеді". Филипп Рикердің дерегінше, ресейлік кампанияны жарнамалайтын жалған аккаунттар Twitter, Facebook және Instagram-да пайда болған.

Вашингтонның айтуынша, жалған ақпарат тарататын ресейлік кампанияның басталу мерзімі ресейлік RT және Sputnik ақпарат құралдарындағы "коронавирус туралы батысқа қарсы материалдардың пайда болу" мерзімімен сәйкес келеді.

"Бұл робот емес, әрбір аккаунтты адамдар жүргізеді. Осылайша жалған ақпарат тарататын тұтас жүйе: мемлекеттік телеарналар, интернет-сайттар, әлеуметтік желілердің қалай жұмыс істейтінін бақылауға болады" деген Global Engagement Center жетекшісі Леа Габриэль AFP агенттігіне.

Оқи отырыңыз: Қытайдан Украина азаматтарын эвакуациялау наразылық туғызды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG