Accessibility links

Шымкентте қамалған белсенділерге қолдау көрсетті

Шымкентте қамалған белсенділерді қолдауға келгендер. 24 ақпан 2020 жыл.
Шымкентте қамалған белсенділерді қолдауға келгендер. 24 ақпан 2020 жыл.

Шымкентте "бейбіт митинг өткізу заңын бұзды" деген айыппен қамалған Нұрлан Сыздықбек, Мұрат Аштаев пен Мұрат Байдәулетовті қолдау үшін белсенділер 24 ақпанда қалалық полиция департаментінің әкімшілік жазаға тартылғандар отыратын арнайы орнына барды. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Нұрлан Сыздықбек, Мұрат Аштаев пен Мұрат Байдәулетов өткен аптада, 22 ақпанға жоспарланған митинг алдында, ұсталып "рұқсатсыз наразылық шарасын өткізді" деп сотталған. Аштаев 11 ақпан күні "Саяси тұтқындарға бостандық" деп талап еткен пикеті үшін, Байдәулетов 24 қаңтар күні "Назарбаев атаулары алынып тасталсын!" деген акциясы үшін қамалған. Ал Нұрлан Сыздықбекті сот 5 ақпан күні ақ қағаз киіп, оған "Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясы қайтарылсын!", "Қауіпсіздік кеңесі таратылсын!", "Назарбаев, кет!" деп жазып, билікке қарсы пикетке шыққаны үшін жазалаған.

Дүйсенбі күні белсенділер отырған арнайы орынға келген Жарқынбек Сейтінбектің Азаттыққа айтуынша, "полиция Нұрлан Сыздықбек, Мұрат Аштаев пен Мұрат Байдәулетовті 22 ақпанға жоспарланған наразылық шарасына қатыстырмау үшін қамаған. Билік қамау арқылы олардың өз ойын, пікірін айту құқығын шектеген".

Ал Шымкентбай Бөрібайдың сөзінше, ел-жер үшін, сөз бостандығы, демократия үшін сотталғандар қолдаусыз қалмайды.

- Қамалған белсенділер жалғыз емес, олардың көтерген мәселесі - өзге белсенділердің де жанайқайы. Қамалғандардың жағдайын біз ғана емес, күнде топ-топ адам келіп, біліп отыр. Қолдау көрсетіп, үкіметтің қамап қорлауына қарсылық білдіріп жатыр, - дейді ол.

Белсенділер қамалған азаматтардың аты-жөнін жазып, оларға арналған ас-суды кезекші полицейге тапсырып, кейін тарады.

Қазақстандағы екі оппозициялық топ - "Демократиялық партия" құруды жоспарлайтын белсенділер мен елде қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы 22 ақпанда билікке қарсы наразылық өткізетіндерін хабарлаған. Осы митинг алдында Қазақстанның бірнеше қаласында белсенділер ұсталған еді.

"Демократиялық партия" құруды жоспарлайтын бастамашыл топ жұртты сенбі Алматыдағы "Астана" алаңына митингіге шақырған. 22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Мамай "заңсыз митингіге шақырды" деген айыппен үш тәулікке қамалып, 24 ақпан босатылды. Өткен аптаның басында астамашыл топ билік "Демпартияның" құрылтай съезін өткізуге кедергі келтіріп жатыр деп мәлімдеген. Сенбі күні "Демпартия" жақтастары алаңға келіп, Мамайды босатуды талап етті. Сол жерде полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.

Екінші митингіге бұрынғы банкир, шетте тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов пен ол жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы шақырған. ҚДТ Қазақстан сотымен "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған. 2019 жылы Еуропарламент резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.

22 ақпанда екі оппозициялық топ митинг орны деп жариялаған жерде полиция жүзден астам адамды ұстады. Арнайы жасақ пен полицейлер Нұр-Сұлтанда, Ақтөбеде, Шымкентте де адамдарды ұстады.

Елдің ішкі істер министрлігі 22 ақпанда қанша адам ұсталғанын ресми түрде хабарламады. Ұсталғандардың қаншасы қамалғаны я айыппұл алғаны белгісіз. Ал құқық қорғаушылардың есебінше, 22 ақпанда елде 300-дей адам ұсталған.

ҚДТ мен Әблязов шақырған митингіге келгендер "Шал, кет", "Оян, Қазақстан!", "Назарбаев кетсін! Дариға кетсін!" деп айғайлады.

Билікке қарсы наразылық күні полиция адамдарды жаппай ұстады

Алматыда полиция митинг өтеді деп жоспарланған &quot;Астана&quot; алаңына келген адамды ұстап әкетіп барады.&nbsp;&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Қазақстандағы екі оппозициялық топ - &quot;Демократиялық партия&quot; құруды жоспарлайтын бастамашыл топ пен елде қызметіне тыйым салынған &quot;Қазақстанның демократиялық таңдауы&quot; қозғалысы (ҚДТ) 22 ақпанда билікке қарсы наразылық өткізетіндерін хабарлаған.&nbsp;</span>
1/16 Алматыда полиция митинг өтеді деп жоспарланған "Астана" алаңына келген адамды ұстап әкетіп барады.  Қазақстандағы екі оппозициялық топ - "Демократиялық партия" құруды жоспарлайтын бастамашыл топ пен елде қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ҚДТ) 22 ақпанда билікке қарсы наразылық өткізетіндерін хабарлаған. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Алматыда полиция жоспарланған митингіге келгендердің бірін ұстап жатыр.&nbsp;<span style="font-size: 1em;">ҚТД жетекшісі,&nbsp;</span><span style="font-size: 1em;">бұрынғы банкир, шетте тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов митинг орындарын алдын ала белгілеген. ҚДТ Қазақстан сотымен &quot;экстремистік&quot; деп танылып, қызметіне тыйым салынған. 2019 жылы Еуропарламент резолюциясында ҚДТ-ны &quot;бейбіт оппозициялық ұйым&quot; деп атаған.</span>
2/16 Алматыда полиция жоспарланған митингіге келгендердің бірін ұстап жатыр. ҚТД жетекшісі, бұрынғы банкир, шетте тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов митинг орындарын алдын ала белгілеген. ҚДТ Қазақстан сотымен "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған. 2019 жылы Еуропарламент резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Алматыда митинг белгіленген жерге келген адамдардың бірі билікке талабын айтып тұр. Қалада сенбі күні күзет күшейді.&nbsp;
3/16 Алматыда митинг белгіленген жерге келген адамдардың бірі билікке талабын айтып тұр. Қалада сенбі күні күзет күшейді. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Ұсталғандар полиция әкетіп бара жатқанда билікке талаптарын айтып үлгерді. &quot;Астана&quot; алаңында интернет нашарлады.&nbsp;
4/16 Арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Ұсталғандар полиция әкетіп бара жатқанда билікке талаптарын айтып үлгерді. "Астана" алаңында интернет нашарлады. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
&quot;Демпартия&quot; бастамашыл тобының жиынына келгендерді ұстап жатыр.&nbsp;22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай &quot;заңсыз митингіге шақырды&quot; деген айыппен үш тәулікке қамалған.&nbsp;Сенбі күні &quot;Демпартия&quot; жақтастары алаңға келіп, Мамайды босатуды талап етті. Сол жерде полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
5/16 "Демпартия" бастамашыл тобының жиынына келгендерді ұстап жатыр. 22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай "заңсыз митингіге шақырды" деген айыппен үш тәулікке қамалған. Сенбі күні "Демпартия" жақтастары алаңға келіп, Мамайды босатуды талап етті. Сол жерде полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Полиция Жанболат Мамайдың әйелі, &quot;Жас Алаш&quot; газетінің бас редакторы Инга Иманбайды ұстап, кейін қайта босатты.&nbsp;Осы аптаның басында бастамашыл топ билік &quot;Демпартияның&quot; құрылтай съезін өткізуге кедергі келтіріп жатыр деп мәлімдеген.&nbsp;
6/16 Полиция Жанболат Мамайдың әйелі, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Инга Иманбайды ұстап, кейін қайта босатты. Осы аптаның басында бастамашыл топ билік "Демпартияның" құрылтай съезін өткізуге кедергі келтіріп жатыр деп мәлімдеген. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап жатыр. Қалада сенбі күні полиция қарасы көбейіп, күзет күшейді. Митинг белгіленген маңда интернет жұмысы баяулады.&nbsp;
7/16 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап жатыр. Қалада сенбі күні полиция қарасы көбейіп, күзет күшейді. Митинг белгіленген маңда интернет жұмысы баяулады. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ &quot;саяси тұтқындарды&quot; босатуды талап етіп келгендердің артынан еріп келеді. Бұл қалада жүзден астам адам ұсталған.&nbsp;
8/16 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп келгендердің артынан еріп келеді. Бұл қалада жүзден астам адам ұсталған. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда бұл күні кем дегенде елу адам ұсталған.&nbsp;
9/16 Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда бұл күні кем дегенде елу адам ұсталған. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ билікке қарсы митингіге келген адамдардың бірін ұстап жатыр.&nbsp;
10/16 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ билікке қарсы митингіге келген адамдардың бірін ұстап жатыр. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Арнайы жасақ наразылық белгіленген жерге келгендердің бірін әкетіп барады.&nbsp;
11/16 Арнайы жасақ наразылық белгіленген жерге келгендердің бірін әкетіп барады. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Ақтөбеде Орталық базарға барар тұста полиция кем дегенде он адамды әкетті. Полиция топталып тұрғандарды, дауысы шыға бастағандарды ұстады. Қалада полиция қарасы көбейді.
12/16 Ақтөбеде Орталық базарға барар тұста полиция кем дегенде он адамды әкетті. Полиция топталып тұрғандарды, дауысы шыға бастағандарды ұстады. Қалада полиция қарасы көбейді.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Ақтөбеде ұсталғандар биліктің отставкасын талап етті.&nbsp;
13/16 Ақтөбеде ұсталғандар биліктің отставкасын талап етті. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Ақтөбеде арнайы жасақ ұстағандарды автобусқа салып алып кетті.&nbsp;
14/16 Ақтөбеде арнайы жасақ ұстағандарды автобусқа салып алып кетті. 
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Шымкентте наразылық жоспарланған Тәуелсіздік саябағында жиырмадан астам адам ұсталды. Ұсталғандардың бірі полиция мен қарапайым киімдегілер әкетіп бара жатқанда &quot;Шал, кет!&quot;, &quot;Назарбаев биліктен кетсін!&quot; деп айғайлады. Кейбір адамдар Тәуелсіздік саябағына әлеуметтік мәселелерді айтуға келгендерін жеткізді.
15/16 Шымкентте наразылық жоспарланған Тәуелсіздік саябағында жиырмадан астам адам ұсталды. Ұсталғандардың бірі полиция мен қарапайым киімдегілер әкетіп бара жатқанда "Шал, кет!", "Назарбаев биліктен кетсін!" деп айғайлады. Кейбір адамдар Тәуелсіздік саябағына әлеуметтік мәселелерді айтуға келгендерін жеткізді.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Шымкентте Тәуелсіздік саябағында полиция күзеті күшейіп, жеке көліктерді өткізбеді. Осы маңда интернет жұмысы нашарлады.&nbsp;Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.
16/16 Шымкентте Тәуелсіздік саябағында полиция күзеті күшейіп, жеке көліктерді өткізбеді. Осы маңда интернет жұмысы нашарлады. Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды. 
Previous slide
Next slide

Қазақстанды отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев былтыр наурызда президенттіктен кеткен еді. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, “Нұр Отан” партиясының лидері ретінде биліктің бір тармағын ұстап отыр. Назарбаевтың орнына президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформа жасайтынын, бейбіт митинг, саяси партия туралы заңды өзгертетінін айтқан. Бірақ сыншылар Тоқаевтың уәдесі орындалмағанын, ол әлі Назарбаевтың ықпалынан шыға алмай отырғанын айтады. Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева қазір сенат спикері болып отыр.

Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.

XS
SM
MD
LG