Accessibility links

Алматыда полиция белсендіні үйінен ұстап әкетті


Полиция көліктері. Көрнекі сурет.
Полиция көліктері. Көрнекі сурет.

29 ақпанда таңертеңгі сағат 7:30-да Алматыда полиция белсенді Нұркелді Жұмабековті үйінен ұстап әкетті. Бұл ақпаратты белсендінің өзі және таныстары Азаттыққа хабарлады. Белсендіні Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына апарған кезде қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртуға тура келген.

Белсенді таныстарының Азаттыққа жіберген видеосында Нұркелді Жұмабековтің жүрегін ұстап жедел жәрдем көлігінде жатқаны көрінеді. Ол телефонына видео түсіріп, жақындарына жіберген.

- Таңертең алып кетті. Қан қысымым көтеріліп, жаңа Бостандық аудандық ішкі істер басқармасында жедел жәрдем көлігін шақыртты. Қазір кардиология орталығына әкетейін деп жатыр. Бірақ полиция қызметкерлері жедел жәрдем көлігін шығармай жатыр. Жағдай болмай тұр. Бір қауіпті қылмыскерді ұстағандай болды ғой бұлар, - дейді Нұркелді Жұмабеков видеода.

Сағат 11:20 шамасында Жұмабеков Азаттыққа өзін ауруханаға апара жатқанын хабарлады.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді. Кардиология орталығы да жауап бермеді.

Бұған дейін елдегі түрлі оппозициялық ұйымдар 1 наурыз күні митингіге шығуға шақырған. Бас прокуратура митингілерді "заңсыз" деп атап, жұртты наразылыққа шықпауға үндеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG