Accessibility links

Бішкекте саясаткер Садыр Жапаровқа бостандық талап еткен митинг өтті


Қырғыз саясаткері Садыр Жапаров сот процесінде тұр.
Қырғыз саясаткері Садыр Жапаров сот процесінде тұр.

2 наурызда Бішкектің орталық алаңына жүздеген адам митингіге шығып, қырғыз саясаткері Садыр Жапаровты бостандыққа шығаруды талап етті.

2017 жылы парламенттің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровты 11 жылға соттаған. Оған 2013 жылы Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен Қарақол қаласындағы митингіні қаржыландырды және кепілдікке адам алды деген айып тағылған. Жапаров сотта "бұл айыптың саяси астары бар" деп санайтынын мәлімдеген.

2019 жылдың сәуірінде Қырғызстан Жоғарғы соты Жапаровқа берілген жазаны азайтып, 10 жылға бас бостандығынан айырған. Жапаров қараша айында Қырғызстан президентінен рақымшылық сұрады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің жазуынша, Наразылыққа шыққандың бір тобы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездестіруді талап етіп кетті, бірақ оларды мемлекет басшысы қабылдай ма, жоқ па белгісіз.

Митингі ұйымдастырушылар талаптары орындалмайынша тарқамайтынын айтып, біраздан соң тарады. Жапаров таяуда өзін қолдаушыларға хат жазып, "митингіге шығып, арандап қалмауға" шақырған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG