Миннесота штатынан сенатор болып сайланған Эми Клобушар демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне кандидаттық жолындағы күрестен шығатынын мәлімдеді. Ол енді сайлаушыларды АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің кандидатурасын қолдауға шақырмақшы.
Эми Клобушар президенттікке кандидат үшін күресте анағұрлым танымал әрі әлдеқайда мол қаржыландырылған үміткерлерден көбірек жүре алды дейді "Америка дауысы".
Президенттік кампаниядан шығатынын жексенбі күні демократияшылдардың ең жас үміткері Пит Буттиджич те мәлімдеген. Шолушылардың байқауынша, үміткерлердің арасында өзгелерден озық тұрған әсіре солшыл демократ Берни Сандерске қарсы Байден айналасына топтасушылар көбейе бастағанға ұқсайды. Ал, небәрі 30 жастағы Буттиджич әлі талай рет АҚШ президенттігіне үміткер болуы мүмкін.
ПІКІРЛЕР