Жоғарғы рададағы "Слуга народа" фракциясы премьер-министр Алексей Гончаруктің отставкаға кету туралы өтінішін қолдады. Бұл ақпаратты фракция отырысы аяқталғаннан кейін журналистерге депутат Александр Дубинский хабарлады. Бұл отырысқа президент Владимир Зеленский де қатысқан.
"Гончарук өтініш жазып, парламентке тапсырды. Біз фракция болып өтініш қанағаттандырылсын деп дауыс бердік, ол енді премьер-министр емес" деді депутат.
Оның айтуынша, Гончаруктың отставкаға байланысты сотқа шағымданғаны туралы ақпаратты кеңесшісі жоққа шығарған. 3 наурызда кешке жақын арнайы сот сайтынан да ақпарат алынып тасталған. Бұған дейін бірқатар украиналық сайттар Гончарук жоғарғы рада басшысының отставка мәселесін парламентке шығаруына тыйым салу туралы сотқа өтініш түсірді деп хабарлаған еді. Украина үкіметінің баспасөз қызметі кейінірек бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Дубинскийдің сөзінше, 4 наурызда парламент Гончаруктің отставкасы бойынша дауыс береді.
ПІКІРЛЕР