Accessibility links

Түрмедегі әзербайжандық журналист "дауыс беруден бас тартқаны үшін" жазаланды


Әзербайжандағы түрмелердің бірі. Көрнекі сурет.
Әзербайжандағы түрмелердің бірі. Көрнекі сурет.

Әзербайжандық журналист Бахруз Әлиевтің ата-анасы ұзақ мерзімге сотталған ұлының өткен айда парламент сайлауында дауыс беруден бас тартқаны үшін жазаланғанын хабарлады. Олардың айтуынша, Бахруз Әлиевті 9 ақпанда өткен сайлауда дауыс бермегені үшін карцерге жатқызған.

Журналист Бахруз Алиев 2018 жылы "бопсалау" бабы бойынша айыпталып, 8,5 жылға сотталған. Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Журналистің ата-анасы Имамберди Әлиев пен Егана Әлиеваның Азаттыққа айтуынша, олар ұлының жазаланғанын 3 наурызда түрмеге барған кезде білген. Түрме әкімшілігі оны ұлымен кездестіруден бас тартқан. Бұдан кейін олар Қызыл Крест пен Қызыл жарты ай ұйымынан көмек сұраған. Ұйым өкілдері Әзербайжандағы адам құқығы жөніндегі уәкіл мен президент Ильхам Әлиев кеңсесіне шағым түсірген.

Ал пенитенциарлық қызмет департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Мехман Сагидов журналистің туыстарының айтқанын "қисынсыз" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG