Accessibility links

Нұр-Сұлтан соты "пробация ережесін бұзды" деп айыпталған Әбжанды ақтады


Белсенді Махамбет Әбжан сот ғимаратында тұр. Нұр-Сұлтан, 6 наурыз 2020 жыл.
Белсенді Махамбет Әбжан сот ғимаратында тұр. Нұр-Сұлтан, 6 наурыз 2020 жыл.

Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған әкімшілік соты былтыр шілде айында мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан белсенді, журналист Махамбет Әбжанның пробоциялық бақылауына қатысты шешім шығарды. Учаскелік полиция оның 18 ақпанда міндетті бақылаудан өтпегені туралы хаттама толтырып, сотқа шағым түсірген. Судья Алуа Байбұлатова Махамбет Әбжанның ісінде қылмыс құрамы болмағандықтан, әкімшілік жауапкершіліктен босатты.

Полиция өкілдерін пробациялық бақылау туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығын дұрыс орындамағаны үшін жеке қаулы қабылдады.

Әбжанның сөзінше, 18 ақпанда ұялы телефоны болмағандықтан байланысқа шыға алмаған, кейін ұмытып кеткен. Ол сотта полицияның «апта сайын бақылаудан өтуі тиіссіз» деген ұсынысына қарсылық білдіріп, Қылмыстық атқару кодексіне сай айына бір рет бақылауға барса жеткілікті деп санайтынын айтты. Сот пен прокурор Әбжанның сөзін қолдап, полициядан бақылау журналын көрсетуді талап етті.

Махамбет Әбжан учаскелік полицияның «пробацияға келмеді» деген хаттамасын өзінің шетелден көлік әкелгендердің наразылығынан және белсенді Дулат Ағаділдің қазасы жайлы көрсеткен тікелей эфирімен байланыстырады.

- Мен апта сайын емес, ай сайын бір рет тексеруден өтуге құқылы екенімді енді білдім. Мұны маған учаскелік полиция айтпаған. Бұл маған ғана емес басқа мерзімінен бұрын босап шыққандарға қатысты. Бірақ мен енді абай болуым керек, - дейді ол.

Бұрынғы құқық қорғаушы Махамбет Әбжан 2017 жылы «Алаяқтық» бабымен үш жарым жылға сотталған. 2019 жылы шілдеде шартты жазамен босап шыққан. Ол қазір ҚазТАГ агенттігінде журналист болып жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG