Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдан ондаған адам мерт болды. Ел премьері аман қалды


Шабуыл болған аймақта жүрген ауған әскерилері. Кабул, 6 наурыз 2020 жыл.
Шабуыл болған аймақта жүрген ауған әскерилері. Кабул, 6 наурыз 2020 жыл.

6 наурызда қаруланған адамдар Кабулдағы еске алу шарасына шабуыл жасап, 32 адам қаза тапты. Бұл – АҚШ пен Талибан арасындағы бітімгерлік шартынан кейін Ауғанстанда болған алғашқы шабуыл.

Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қаруланғандар 1995 жылы кісі қолынан мерт болған хазарлардың лидері, шиит өкілі Абдул Әли Мазариді еске алу шарасына келгендерге шабуылдаған. Еске алу шарасына келгендер арасында Ауғанстан премьер-министрі Абдуллах Абдуллах және басқа да шенеуніктер болған. Абдуллах шабуыл жасалған жерден дер кезінде кеткен.

Қаза болғандар арасында бес әйел бар.

Елдің ішкі істер министрлігі полиция мен шабуылдаушылар арасында атыс болып, «үш террорист» қаза болғанын, атыс болған аймақ тынышталғанын хабарлады.

Бір апта бұрын АҚШ-пен бейбіт келіссөзге қол қойған «Талибан» ұйымы шабуылға қатысы жоғын мәлімдеді. Артынша ДАИШ экстремистік ұйымы шабуылды өз мойнына алды.

Осыған дейін ДАИШ экстремистік ұйымы Ауғанстанда шииттерге бірнеше рет шабуылдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG