Accessibility links

АҚШ коронавирусқа байланысты Әзербайжан мен Түркіменстанға бармауға кеңес берді


Көрнекі сурет.

АҚШ мемлекеттік департаменті 6 наурызда Әзербайжан мен Түркіменстанға жол жүрудің қауіпті бола бастағанын хабарлап, бұл мемлекеттерге жолға шығуды жоспарлап отырған азаматтарға сапарды кейінге шегеруге кеңес берді. Коронавирус жылдам тарап жатқан Иранмен шекараласатын екі мемлекетке жолға шығудың қаупі үшінші деңгейге ауыстырылды.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде Әзербайжанға көрші Иранда вирусты жұқтырғандар санының едәуір артқаны және Әзербайжан үкіметінің сақтық шараларын енгізгенін ескеру қажеттігі айтылған. Мәлімдеме авторлары Әзербайжан билігінің халықаралық рейспен келгендерді карантиннен өтуге міндеттегенін де жазады.

Мемлекеттік департамент азаматтарын сонымен бірге саяхаттауға шектеудің қойылғаны және коммерциялық рейстер санының қысқарғаны қажет жағдайда оларды эвакуациялауға кедергі келтіруі мүмкін деп ескертеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан тағы бір қысқа мәлімдемеде Түркіменстанға жол жүргелі отырған америкалықтарға да осыған ұқсас ескерту айтылған.

Видео: Covid-19 вирусы қалай жұғады? (5 наурыз 2020 жыл).

Covid-19 вирусы қалай жұғады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG