Accessibility links

Мәскеуде бес мыңнан артық адам қатысатын шара өткізуге тыйым салды


Сахаров даңғылындағы митингілердің бірі. Мәскеу, Көрнекі сурет.
Сахаров даңғылындағы митингілердің бірі. Мәскеу, Көрнекі сурет.

Мәскеу билігі 10 сәуірге дейін бес мыңнан астам адам қатысатын ірі шара өткізуге тыйым салды. Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің жарлығында бұған коронавирус себеп болып отырғаны айтылған.

Жарлыққа сәйкес, қалада спорттық, қоғамдық және өзге де ірі шара өткізуге болмайды. Ресми дерек бойынша, Мәскеуде бірнеше адамнан вирус табылған.

Мәскеу билігі коронавирусқа байланысты Қырым аннексиясына бір жыл толуына орай Тверь көшесінде өтуі тиіс болған "Крымская весна" фестивалінің негізгі бағдарламасын алып тастаған.

10 наурызда мемлекеттік дума президент Владимир Путиннің сайлауға қатысуына мүмкіндік беретін түзетуді мақұлдағаннан кейін оппозиция белсенділері 21-22 наурызда бірнеше митинг өткізуге өтініш берген.

Оппозиция белсендісі Алексей Навальный бұған дейін билік коронавирусты сылтауратып, қоғамдық шараларға тыйым салуы мүмкін деп болжаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG