Accessibility links

Иран бүкіл елдегі көшелерді дезинфекцияламақ


Кум қаласының көшесін дезинфекциялап жүрген адам. 2020 жылдың наурызы.

Иран билігі коронавирустың тарауын тоқтату үшін қарулы күштерге елдегі бүкіл көшелерді 24 сағат ішінде дезинфекциялап тазалауды бұйырды.

Қарулы күштерінің жетекшісі, генерал-майор Мохаммад Баегри 13 наурызда телеарна арқылы “Біздің құқық қорғау және қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігі және аймақ әкімдіктерімен бірігіп, дүкендерді, көшелерді және жолдарды толық тазалайды” деді.

Иран денсаулық сақтау министрлігі 13 наурызда вирустан тағы 85 адам қаза болғанын мәлімдеді. Иранда қазір коронавирустан 514 адам көз жұмды. Қытайдан тараған вирустан көп зардап шеккен Иранда қазір 13364 адам дертке шалдыққан.

Батыс елдері мен сарапшылар Иранда вирус жұқтырғандар мен қаза болғандар саны әлдеқайда көп деген күдік келтіреді. Елде мектептер, университеттер жабылып, діни, мәдени және спорт шаралары тоқтады.

12 наурызда Иран Халықаралық қаржы фондынан 5 миллиард доллар қарыз сұрады. Иран сыртқы істер министрі Мохаммед Жавад Зариф АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін ядролық бағдарлама бойынша салған санкцияларды тез арада алып тастауға шақырды. Зариф санкцияның кесірінен дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғыларды импорттай алмай отырғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі және Қазақстандағы жағдай

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG