Accessibility links

Министрлік: Соңғы тәулікте ешкімнен коронавирус табылмады


Алматы халықаралық әуежайында дәрігерлер жолаушыларды арнайы құралмен тексеріп жатыр. 21 қаңтар 2020 жыл.
Алматы халықаралық әуежайында дәрігерлер жолаушыларды арнайы құралмен тексеріп жатыр. 21 қаңтар 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 14 наурыз таңертең соңғы тәулікте ешкімнен коронавирус табылмағанын хабарлады. Елде вирус жұқтырған саны өзгермеген.

13 наурызда Қазақстанда төрт адамнан коронавирус табылғаны анықталған еді. Олар елге 9, 12 және 13 наурызда Еуропадан ұшып келген. Үшеуі - Германиядан, біреуі - Италиядан. Олардың үшеуі - Алматыда, біреуі - Нұр- Сұлтанда емделіп жатыр.

"Олар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Олармен байланыс жасайтын азаматтар анықталып, бақылауға алынды" делінген министрлік хабарламасында.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Семейде жұқпалы ауруханаға жатқызылған Оңтүстік Африка республикасы азаматынан коронавирус табылмаған. Дене қызуы көтеріліп, тұмау тиген науқас 13 наурызда ауруханаға жеткізілген. Ақпарат бойынша, ол Семейге Дубай және Нұр-Сұлтан арқылы жеткен.

Коронавирус бойынша соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып, біле аласыздар.

Коронавирусқа байланысты Қазақстанда төмендегідей шаралар енгізілген:

  • Қоғамдық шара өткізуге тыйым салынды;
  • Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы бір апта ерте басталады: 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында;
  • 16 наурыздан бастап жоғары оқу орындары, колледждер онлайн оқуға көшеді;
  • Балабақшалар жұмысын істей береді;
  • Сауда орындары, базарлар істей береді;
  • Қоғамдық көліктер тұрақты түрде дезинфекциядан өтеді;
  • Көп бағыт бойынша әуе рейстері қысқарды;
  • Сауда орталықтарындағы балалар алаңдары, кинотеатрлар жабылады;
  • Билік өкілдері тұрғындарды той, туған күн сияқты көп адам жиналатын шара өткізбеуге шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG