Accessibility links

Алматыда "науқастың кейпіне еніп жұртты қорқытқан" адам он күнге қамалды


Алматы метросы. Көрнекі сурет.
Алматы метросы. Көрнекі сурет.

Алматы метросында "коронавирус жұқтырған науқас адамның кейпіне еніп, жұртты қорқытқан" жігіт қамауға алынды деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде 23 жастағы Алматы тұрғынының метрода жөтел қысқан адамның кейпіне еніп, қайта-қайта жөтеліп, жұртты қорқытқаны, осылайша ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен пранкер он күнге қамалды" делінген полиция хабарламасында.

Ведомство дерегінше, жауапкер Әкімшілік кодекстің 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша қамалған.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратты деп күдікке ілінген дәрігер ұсталды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG