Accessibility links

Біртанов: Нұр-Сұлтан қаласында 14 адамнан коронавирус табылды


Денсаулық сақтау минстрі Елжан Біртанов
Денсаулық сақтау минстрі Елжан Біртанов

Нұр-Сұлтан қаласында тағы да 14 адамнан коронавирус табылған. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

"Нұр-Сұлтанда тағы да 14 пациенттің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, диагнозы расталып, карантинге жатқызылды. Олармен байланысқан адамдардың барлығы анықталып, оқшауланып жатыр", - деді министр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 27 адамға коронавирус жұққаны расталды.

Бүгін таңда Алматыда тағы да 3 адамнан коронавирус табылғаны хабарланған.

Президент Қасым - Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG