Accessibility links

Ақпарат министрлігі: ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқан БАҚ жауапкершілігі ауырлайды


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Төтенше жағдай кезiнде жалған ақпарат таратқан БАҚ жауапкершілігі ауырлайды. Бұл туралы бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

«COVID-19 пандемиясына байланысты соңғы уақытта елде көрінеу жалған ақпараттың таралуы байқалады» деген министрлік сайтына «Бұқаралық ақпарат құралдарының төтенше жағдайдағы жауапкершілігі туралы» арнайы ақпарат жариялаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-1-бабының 2-бөлігінде "БАҚ-та, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен көрінеу жалған ақпаратты орналастырғаны үшін" әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Министріктің жазуынша төтенше жағдай кезінде бұл баптан өзге аталған кодекстің «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар» деп аталатын 57 бабының 9 тармағы («дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау») іске қосылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төтенше жағдай кезіндегі БАҚ жауапкершілігін ауырлататын басқа да бірнеше баптар мен оған қолданылатын жазаларды көрсеткен.

Президент Қасым - Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG