Accessibility links

Футболдан Euro-2020 жарысы келесі жылға шегерілді


UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) шешімімен биыл жазға жоспарланған Euro-2020 турнирі 2021 жылы 11 маусым-11 шілде аралығында өтеді. Бұл туралы Норвегия футбол федерациясы хабарлады.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты 12 маусым мен 12 шілдеде Еуропаның 12 елінің 12 қаласында өтуі тиіс еді. Турнир ойындары Лондон (Англия), Баку (Әзербайжан), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Амстердам (Голландия), Бильбао (Испания), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Дублин (Ирландия) және Глазго (Шотландия) қаласында ұйымдастырылады де жоспарланған. Жарыс келер жылы осы қалаларда өтуі тиіс. Нақты және толық шешімді бүгін, 17 наурызда UEFA жариялайды.

Оқи отырыңыз: Коронавирус спорт жарыстарына қалай әсер етті?

Қытайда тараған коронавирустың салдарынан әлем елдерінің көбінде спорт жарыстары, футбол чемпионаттары тоқтаған. Биыл шілде соңында бастаталын Токио олимпиадасына қатысты әлі нақты шешім шыққан жоқ. Жапония билігі олимпиада өз уақытында өтеді деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG