Accessibility links

Денсаулық басқармасы: Науқастардың бірінің жағдайы ауырлады


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Сурет Алматы қалалық әкімдігінің Телеграм арнасынан алынған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Сурет Алматы қалалық әкімдігінің Телеграм арнасынан алынған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, созылмалы өкпе ауруымен ауыратын науқастардың бірінің коронавирус жұққаннан кейін жағдайы ауырлаған.

"Бұл науқас коронавирусқа байланысты бірнеше күн емделген. Диагнозында "обструктивті бронхиті бар" деп жазылған. Ол үнемі жөтелетінін айтып, шағымданады. Бұл ауру белгісі деп санаймыз және оның жағдайын "орташа ауыр" деп бағалаймыз" деді ол.

Қалған 18 науқастың жағдайы орташа. Олардың 16-ы - қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында, екі бала және бір баланың анасы (одан да коронавирус табылған) балалар жұқпалы аурулары ауруханасында жатыр.

19 наурызда денсаулық сақтау министрлігі Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған болатын. Әбілдаевтың айтуынша, 1979 жылғы Ресей азаматы 15 наурызда Краснодар - Мәскеу - Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Коронавирус табылған адамның жанында болған жолаушы ретінде карантинде болған. Анализ тапсырғаннан кейін диагнозы расталып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. "Ол осында емделеді" деді Тілеухан Әбілдаев.

19 наурыз түс кезіндегі дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 37-ге жеткен. Олардың 19-ы - Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.

Бұл екі қалада 19 наурыздан бастап карантин жарияланып, қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурызда жолаушылар пойызы, ішкі рейстер тоқтайды.

Әбілдаевтың айтуынша, 14 күндік карантині бітіп, үйіне қайтуды жоспарлаған, қалада тұрмайтын азаматтарға қаладан шығуға жеке рұқсат берілуі мүмкін.

Коронавирус туралы соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып, біле аласыздар.

Видео: "Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"

"Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG