Accessibility links

Ресейде коронавирустан бірінші адам көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде коронавирустан бірінші адам көз жұмды. 79 жастағы пациент Мәскеу қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмған.

Ол 13 наурызда ауруханаға жатқызылған. Бастапқыда жеке клиникада емделіп, кейіннен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған.

Пациентте коронавирустан бөлек диабет және жүрек ишемиясы болған. Науқас жасанды тыныс алу аппаратымен тыныс алған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Соңғы дерек бойынша, Ресейде 147 адамнан коронавирус табылған. Бес адам жазылған. 87 адам Мәскеу аурухананасында жатыр.

18 наурыз бен 1 мамыр аралығында шетелдіктердің Ресейге баруына тыйым салынған. Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 23 наурызда басталып, 12 сәуірде аяқталады. Қалада ірі қоғамдық шараларға тыйым салынған, музейлер жабылған.

Коронавирусқа байланысты соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып, біле аласыздар.

Қарай отырыңыз: Италия жұрты карантинді қалай өткізіп жатыр? (16 наурыз 2020 жыл).

Италия жұрты карантинді қалай өткізіп жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG