Нұр-Сұлтан қаласының инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі Ерлан Бекмырзаев астанада азық-түліктің кей түрін сатуға шектеу қойылғанын хабарлады. Мұнан былай Нұр-Сұлтан қаласының дүкендерінде бес келіден артық жарма, ұн, қант және бес литрдан артық сұйық май сатылмайды.
Бекмырзаевтың айтуынша, карантинге байланысты санитарлық дезинфекция шаралары күшейеді. Мысалы, азық-түлік дүкенінде кезекке тұрған адамдар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы тиіс.
Бекмырзаевтың сөзінше, қазір "Нұр-Сұлтанда" 48 мың тонна азық-түлік қоры бар. Қала әкімдігі шаруа қожалықтарымен қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша келісім жасасқан. Ол қалада нан бағасы 95 теңгеден аспайтынын да айтты.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа байланысты 19 наурыздан бастап карантин жарияланып, қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурызда жолаушылар пойызы, ішкі рейстер тоқтайды.
Вирус жұқтырғандар 19 наурызда Қазақстанда 44 адам болды. 19 адам - Алматы, 25 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.
Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты мына сілтемеден көріңіз.
Видео: Карантинге байланысты жолаушылар әбігерге түсті (18 наурыз 2020 жыл).
ПІКІРЛЕР