Accessibility links

Денсаулық басқармасы: Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ


Арнайы киім киген дәрігерлер.

Қарағандыда коронавирус жұққан алғашқы науқастар анықталғаннан кейін аймақ билігі қоғамдық орындарда қауіпсіздікті күшейту қажеттігін айтты. Бұдан былай супермаркеттерде бес адамнан артық адам бір кезекке тұра алмайды, тұтынушылар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы керек.

"Бір кезекте бес адамнан артық адам тұруға болмайды. Нан және кондитерлік өнімдерді қапсыз сатуға тыйым салынды. Жеміс-жидек, көкөністен басқа азық-түлік түрлері қапталған күйде сатылады" деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің өкілдері.

20 наурызда Қарағандыда коронавирус жұққан екі адам анықталды. Олардың жасы - 48 және 49 жаста. 18 наурызда Минск - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейспен ұшып келген. Ұшақ бортында болған 67 адамның барлығы Қарағандыда карантинге жатқызылған. Дегенмен билік карантин жариялауға негіз жоқ деп отыр.

"Екі азаматтан вирус табылды, бірақ олар Қарағанды облысында тұрмайды. Борттағы барлық азамат карантиндік стационарға жеткізілді. Аймақта карантин жариялауға негіз жоқ" деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев.

20 наурызда Қарағанды облысында ойын-сауық, ірі сауда орталықтары, азық-түлік емес тауарларын сататын дүкендер жұмысын тоқтатты. Қалада дәріхана, супермаркет, азық-түлік базарлары жұмыс уақытын қысқартып, дезинфекциядан өтеді.

Қарағанды облысында алты санитарлық пост ұйымдастырылған. Аймақ полициясының дерегінше, посттарда шамамен екі мың көлік тоқтатылған. 3,5 мыңнан астам адам тексерілген. Дене қызуы көтерілген екі адам анықталып, бақылауға алынған.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 49 адамнан вирус табылған. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр.

Коронавирусқа байланысты соңғы ақпаратты оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Қарай отырыңыз: Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек (19 наурыз 2020 жыл).

Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Днепрде вирустан қайтыс болуы мүмкін адамдарға қабір қазып қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
XS
SM
MD
LG