Accessibility links

Бішкек пен Ташкент халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауды шектеді


Бішкек әуежайындағы ұшақтардың бірінен түсіп бара жатқан дәрігерлер.
Бішкек әуежайындағы ұшақтардың бірінен түсіп бара жатқан дәрігерлер.

Өзбекстанның көлік министрлігі 20 наурыздан бастап халықаралық бағыттар бойынша әуе, көлік және темір жол қатынасын 40 күнге тоқтатты. Министрлікке сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, шектеудің жүк және сыртқа тауар тасымалдауға қатысы жоқ.

Өзбекстанда коронавирус жұққан алғашқы адам 15 наурызда анықталған еді. Ресми дерек бойынша, қазір елде вирус жұқтырғандар саны 23-ке жеткен.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі де 20 наурызда халықаралық баыттар бойынша ұшақ рейстерін тоқтататынын хабарлады. Биліктің айтуынша, коронавирусқа байланысты жағдай "тұрақталғанға дейін" шектеу шаралары күшінде болады. Тек Мәскеу — Бішкек — Мәскеу, Новосібір — Бішкек — Новосібір және Мәскеу — Ош — Мәскеу бағыты бойынша рейстер тоқтамайды.

20 наурыз күнгі дерек бойынша Қырғызстанда коронавирус жұққан алты науқас бар.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия елдерінің коронавируспен күрестегі ала-құла стратегиясы

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 49 адамнан вирус табылған. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр. Коронавирусқа байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізіліп, 22 наурыздан бастап бұл қалаларға қатынайтын ішкі рейстер, жолаушылар пойызы тоқтайды.

Коронавирусқа байланысты соңғы ақпаратты оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG