Accessibility links

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны он адамға көбейді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 33-ке жетті деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Вирус табылған он адамның біреуі жақында шетелден келген. Қалған тоғыз адам - бұдан бұрын коронавирус табылған науқастардың жақындары.

Өзбекстанға келгендердің барлығы карантинге жіберілген. Қазір 2300 адам карантинде жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавируспен күрес шаралары жалғасып жатқанын хабарлады.

Өзбекстанның көлік министрлігі коронавирусқа байланысты 20 наурыздан бастап халықаралық бағыттар бойынша әуе, көлік және темір жол қатынасын 40 күнге тоқтатқан.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия елдерінің коронавируспен күрестегі ала-құла стратегиясы


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG