22 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған екі науқастың бірі - шетел дипломаты Бұл туралы министрліктің ресми өкіліне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.
"Біреуі шетел азаматы - 1976 жылғы дипломат, Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді. Бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екіншісі 1970 жылғы Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда жатыр, жағдайы орташа" деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенген Tengrinews агенттігі түске қарай екінші науқас - Қазақстан азаматының жағдайы ауыр екенін хабарлады.
"Ол пневмонияға шалдықты деген күдікпен стационарда бокста жатқан. Диагностика кезінде коронавирус инфекциясы бары анықталды. Науқаста температура жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Пневмония, бірінші дәрежедегі тыныс алу жетіспеушілігі. Салааралық топтың консилиумы тағайындалды" деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова.
22 наурызда Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 56-ға жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам емделіп жатыр.
Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
ПІКІРЛЕР