Accessibility links

Дәрігерлер Алматыдағы науқастардың жағдайы туралы айтты


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев. Алматы қаласы әкімдігінің Telegram арнасынан алынған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев. Алматы қаласы әкімдігінің Telegram арнасынан алынған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 22 наурызда коронавирус табылған әйел бір апта бұрын Стамбул - Алматы бағыты бойынша ұшып келген бұған дейін вирус табылған жолаушымен байланыста болған. Сол себепті қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде жатқан. Бұған қоса, әйелде жедел респираторлық вирус инфекциясының белгілері болған. Қазір жағдайы орташа.

Алматыда коронавирус табылған 20 науқас - қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында, 2 адам және бір сәбидің анасы (одан да коронавирус табылған) балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

"Қазір екі науқастың жағдайы - орташа ауыр, бірте-бірте айығып келеді. Қалған науқастардың жағдайы - орташа" деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, қазір қаладағы төрт провизорлық ауруханада 631 адам карантинде жатыр. 1243 адам - үй карантинінде.

Соңғы ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 57-ге жеткен. Алматыда - 23 адам, Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам емделіп жатыр.

Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG